Қисықов Бекнұр Сейтжанұлы
Қисықов Бекнұр Сейтжанұлы -
1974 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал қаласы, Аралтұз кентінде дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, сондай-ақ Халық шаруашылығы институтының (Нархоз) экономика факультетін бітірген. Әлеуметтік ғылымдар магистрі (Утрехт университеті, Нидерланды).
Әдеби шығармашылығы
200-ден астам туындының: романдар, повестер, әңгімелер, өлеңдер, публицистика және әдеби эсселердің авторы. Қазақстан әдебиетіндегі заманауи қалалық роман жанрының өкілдерінің бірі. Шығармашылығында гуманизм, урбанизм, мәдени жады, экология және адамның ішкі әлемі тақырыптарына мән береді.
«Ол» (2016) полилог-роман — халықаралық Еуразиялық шығармашылық гильдиясы тарапынан атап өтілді. «Текемет» (2026) романы — «Меценат» үздік романдар байқауының шорт-листіне енді. «Төбет» әңгімесі — «Алтын Қалам» әдеби байқауының арнайы сыйлығына ие болды. «Kazakh TV» арнасындағы қазақстандық жазушылар мен заманауи әдебиетке арналған телехабарлар циклінің авторы.
Қоғамдық қызметі
- «Кітапфест» кітап фестивалі мен «Тойқазан» гастрономиялық фестивалінің ұйымдастырушысы және идея авторы.
- «Book Vibe» кітап фестивалінің серіктес ұйымдастырушысы.
- Alma-Qala экологиялық қозғалысының бастамашыларының бірі.
- Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәдениет және спорт комиссиясының төрағасы болды.
- Қазақстанда кітап оқуды танымал етуге бағытталған «Кітап елшілері» қоғамдық қозғалысының бастамашысы.
- Бірқатар әдеби байқаулардың қазылар алқасының мүшесі.
Кітаптары
2007 — «Қазақстанадағы Франчайзинг» 2011 — «Қазақстандағы Франчайзинг» - (2-ші басылым) 2012 — «Қазақстан Интернет-экономикасы» 2013 — «Қазақстандағы Франчайзинг» (3-ші басылым) 2014 — «ЕcMan» әңгімелер жинағы 2016 — «Ол» романы 2019 — «Тал Жайлау» романы 2021 — «Franchmind»кітабі 2023 — «DalaMind. Қоғам белсендісіне қажетті ойлаудың 12 формасы» кітабі 2024 — «Тұзды көлдер әні» романы 2025 — «Текемет» романы
Марапаттары
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі
- «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
- Еуразиялық халықаралық сыйлықтың Алтын медалінің лауреаты.
- «Мәдениет қайраткері» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі» сыйлығы (2024).
- Орталық Азия жазушылары мен тарихшыларының «Янги Овоз» одағының «Тұран Бірлігі» медалі