Қисықов Бекнұр Сейтжанұлы

Материал из Казахстанская Википедии
Версия от 22:05, 25 апреля 2026; Moderator (обсуждение | вклад)

(разн.) ← Предыдущая | Текущая версия (разн.) | Следующая → (разн.)
Перейти к: навигация, поиск

1974 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал қаласы, Аралсоль кентінде дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, сондай-ақ Халық шаруашылығы институтының (Нархоз) экономика факультетін бітірген. Әлеуметтік ғылымдар магистрі (Утрехт университеті, Нидерланды).

Әдеби шығармашылығы 200-ден астам туындының: романдар, повестер, әңгімелер, өлеңдер, публицистика және әдеби эсселердің авторы. Қазақстан әдебиетіндегі заманауи қалалық роман жанрының өкілдерінің бірі. Шығармашылығында гуманизм, урбанизм, мәдени жады, экология және адамның ішкі әлемі тақырыптарына мән береді.

«Ол» (2016) полилог-роман — халықаралық Еуразиялық шығармашылық гильдиясы тарапынан атап өтілді. «Текемет» (2026) романы — «Меценат» үздік романдар байқауының шорт-листіне енді. «Төбет» әңгімесі — «Алтын Қалам» әдеби байқауының арнайы сыйлығына ие болды. «Kazakh TV» арнасындағы қазақстандық жазушылар мен заманауи әдебиетке арналған телехабарлар циклінің авторы.

Қоғамдық қызметі «Кітапфест» кітап фестивалі мен «Тойқазан» гастрономиялық фестивалінің ұйымдастырушысы және идея авторы. «Book Vibe» кітап фестивалінің серіктес ұйымдастырушысы. Alma-Qala экологиялық қозғалысының бастамашыларының бірі. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәдениет және спорт комиссиясының төрағасы болды. Қазақстанда кітап оқуды танымал етуге бағытталған «Кітап елшілері» қоғамдық қозғалысының бастамашысы. Бірқатар әдеби байқаулардың қазылар алқасының мүшесі. Кітаптары 2007 — «Франчайзинг в Казахстане» 2011 — «Франчайзинг в Казахстане» 2012 — «Интернет-экономика Казахстана» 2013 — «Франчайзинг в Казахстане» (3-ші басылым) 2014 — «ЕcMan» әңгімелер жинағы 2016 — «Ол» романы 2019 — «Тал Жайлау» романы 2021 — «Franchmind» 2023 — «DalaMind. Қоғам белсендісіне қажетті ойлаудың 12 формасы» 2024 — «Тұзды көлдер әні» романы 2025 — «Текемет» романы Марапаттары Қазақстан Республикасы Президентінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Еуразиялық халықаралық сыйлықтың Алтын медалінің лауреаты. «Мәдениет қайраткері» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі» сыйлығы (2024). Мемлекеттік және қоғамдық марапаттары:

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі «Ерен еңбегі үшін» медалі Орталық Азия жазушылары мен тарихшыларының «Янги Овоз» одағының «Тұран Бірлігі» медалі