Қисықов Бекнұр Сейтжанұлы
Қисықов Бекнұр Сейтжанұлы - жазушы, экономист, қоғам қайраткері.
1974 жылы 12 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал қаласы, Аралтұз кентінде дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, сондай-ақ Халық шаруашылығы институтының (Нархоз) экономика факультетін бітірген. Әлеуметтік ғылымдар магистрі (Утрехт университеті, Нидерланды).
Содержание
Шығармашылық белсіндік
200-ден астам туындының: романдар, повестер, әңгімелер, өлеңдер, публицистика және әдеби эсселердің авторы. Қазақстан әдебиетіндегі заманауи қалалық роман жанрының өкілдерінің бірі. Шығармашылығында гуманизм, урбанизм, мәдени жады, экология және адамның ішкі әлемі тақырыптарына мән береді.
- «Ол» (2016) полилог-роман — халықаралық Еуразиялық шығармашылық гильдиясы тарапынан атап өтілді.
- «Текемет» (2026) романы — «Меценат» үздік романдар байқауының шорт-листіне енді.<ref>Шаблон:Cite web</ref>.
- «Төбет» әңгімесі — «Алтын Қалам» әдеби байқауының арнайы сыйлығына ие болды.
- «Kazakh TV» арнасындағы қазақстандық жазушылар мен заманауи әдебиетке арналған телехабарлар циклінің авторы.
Қоғамдық қызмет
- Қазақстанның тұңғыш франчайзинг қауымдастығының негізін қалаушысы және президенті болды
- «Кітапфест» кітап фестивалі мен «Тойқазан» гастрономиялық фестивалінің ұйымдастырушысы және идея авторы.
- «Book Vibe» кітап фестивалінің серіктес ұйымдастырушысы<ref>Шаблон:Cite web</ref>.
- Alma-Qala экологиялық қозғалысының бастамашыларының бірі.<ref>Шаблон:Cite web</ref>
- Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәдениет және спорт комиссиясының төрағасы болды.
- Қазақстанда кітап оқуды танымал етуге бағытталған «Кітап елшілері» қоғамдық қозғалысының бастамашысы.
- Бірқатар әдеби байқаулардың қазылар алқасының мүшесі.
- Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
- Еурзаиялық франчайзинг қауымдастығыңының төрағасы
Кітаптары
- 2007 — «Қазақстанадағы Франчайзинг»
- 2011 — «Қазақстандағы Франчайзинг» - (2-ші басылым)
- 2012 — «Қазақстан Интернет-экономикасы»
- 2013 — «Қазақстандағы Франчайзинг» (3-ші басылым)
- 2014 — «ЕcMan» әңгімелер жинағы
- 2016 — «Ол» романы
- 2019 — «Тал Жайлау» романы
- 2021 — «Franchmind»кітабі
- 2023 — «DalaMind. Қоғам белсендісіне қажетті ойлаудың 12 формасы» кітабі
- 2024 — «Тұзды көлдер әні» романы
- 2025 — «Текемет» романы
Марапаттары
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі
- «Ерен еңбегі үшін» медалі
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
- Еуразиялық халықаралық сыйлықтың Алтын медалінің лауреаты.
- «Мәдениет қайраткері» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі» сыйлығы (2024).
- Орталық Азия жазушылары мен тарихшыларының «Янги Овоз» одағының «Тұран Бірлігі» медалі
Сілтемелер
- Әдебиет бізден басқа кімге керек?
- Отандық франшизалар табыс көзі бола алады
- Алматыда "Кітапфест" жәрмеңкесінде оқырмандарға 10 мың кітап тегін таратылды
- [https://24.kz/kz/telepoject/sarapshy-pikiri/759052-kazakstan-alemdegi-ekonomikasy-asa-iri-50-eldin-kataryna-kosyldy-beknur-kisykov/ Қазақстан әлемдегі экономикасы қатарына қосылды ма?
- «ТОЙҚАЗАН» — ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР МЕРЕКЕСІ
Дереккөздер
Санат:12 жетолқсанда туғандар
Санат:Қазақстан жазушылары
Санат:Қазақстан экононмистер